Ресей Федерациясының Волгоград қаласында «Рождественский кубок» атты халықаралық футбол турнирі өтті.
Солтүстік көршіміздің Орынбор, Ажытархан, Волград, Пенза облыстарының үздік футбол ұжымдары бақ сынасқан жарыста Жәнібек ауданының аяқдопшылары да бой көрсетті.
Өткен жылғы турнирде сәтті өнер көрсеткен қазақстандық ұжымнан есе қайтаруды көздеген ресейліктер бұ жарысқа тыңғылықты дайындалды. Десе де волгоградтық «Родина», орынборлық «МТС Адамовск», Волгоград қаласының намысын қорғаған тағы бір клуб «Силд Эйр» командаларымен бір топқа түскен Жәнібек футболшылары топтан оңай шықты. Бірақ жартылай финалдық сында алаң иелерінің «Пумас» атты командасына жол берді. Ал үшінші орын үшін өткен ойында Волгоград қаласының «Каустик» ұжымын тізе бүктірген жерлестеріміз жарыстың қола жүлдесіне қол жеткізді.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz