10.01.2024, 12:46
Оқылды: 41

Азамат Конституциялық Сотқа жүгінген кезде мемлекеттік баж төлеуі керек пе?

ҚР Конституциялық соты "Азамат Конституциялық Сотқа жүгінген кезде мемлекеттік баж төлеуі керек пе?" деген сұраққа жауап береді. 

9fe9cc6a65342cafce0b313409468424_1280x720

Фото: www.gov.kz

Жауап: Жоқ. Конституциялық Сот 2023 жылы мемлекеттік баж салығын нөлдік мөлшерлемеде белгілеу туралы мәселені көтерді.

Нәтижесінде өткен жылдың 12 желтоқсанында Салық кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді. Осылайша, мемлекеттік бажды төлеу түріндегі кедергі шарттарын жою арқылы барлық азаматтардың өз құқықтарын қорғаудың қосымша тетігіне қол жеткізуі қамтамасыз етілді.

Бұған дейін азамат Конституциялық Сотқа жүгінген кезде (2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап) 1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлеуді талап ететін норманы енгізу жоспарланған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале