10.01.2024, 16:48
Оқылды: 50

Аппараттық кеңес отырысы өтті

Жаңақала ауданында аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлының төрағалығымен 2024 жылдың алғашқы аппараттық кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, қоғамдық кеңес төрағасы, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшыларымен БАҚ өкілдері қатысты.

image-10-01-24-11-56-1

Алпамыс Көшкінбаев алдымен осы уақытқа дейін білім беру бөлімін басқарған Руслан Қонысбайұлына облыстық білім беру басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның алғыс хатын табыстап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Содан соң, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Жаңақала аудандық мансап орталығының директоры Аслан Оразалиев жұмыспен қамту саласы бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын және 2024 жылда атқарылатын жұмыс жоспары мен индикитор талаптарын таныстырып өтті. 

Алдағы уақытта атаулы әлеуметтік көмекке өтініштер - қағаз түрінде емес, тек проактивті түрде және электрондық форматта қабылданатыны жөнінде хабардар етті. Аудан басшысы тарапынан ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазанындағы №728 қаулысымен бекітілген «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ұлттық жоба» бойынша  өткен жыл бойына міндеттелген жұмыстардың, соның ішінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының толыққанды атқарылмағанын айта отырып, кейбір ауылдық округ әкімдеріне ескертулер берді.

image-10-01-24-11-56

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале