10.01.2024, 16:34
Оқылды: 52

The New York Times Алматыны 2024 жылғы ең үздік туристік бағыттар тізіміне енгізді

The New York Times  газеті жаңа жылда көруге болатын әлемдегі 52 орынның дәстүрлі тізімін жариялады. Танымал басылымның нұсқасы бойынша Алматы тізімде 25 орында тұр", - деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігі.

a97629f8075453aff83f7163e854eee7_1280x720

Фото: www.gov.kz

Редакция жазғандай: «Алматы екі миллион халқы бар Қазақстанның ең ірі қаласы бола тұра, бейбіт, бірақ белсенді шаһар әсерін қалдырады. Алматының мәдени орталық ретіндегі мәртебесі оның гастрономиялық өмірінде айқын көрінеді. Ұн, су және етке негізделген «нео-номадтар» асханасы гипер-заманауи стильде ұсынылған; оны AUYL немесе TÖR ресторандарында көре аласыз. Lanzhou Noodle мейрамханасы қытай тағамдарын, ал Sensilyo Coffee немесе JumpinGoat кафелері - керемет кофе ұсынады. Көк базардағы жемістер мен жаңғақтарды тамашалаңыз, содан кейін жақында кеңестік дәуірі ғимаратында ашылған үлкен азық-түлік базарында PlatformA-ға барыңыз».

8d484b62c6d4787e2d0828e5a3e777d7_1280x720

Мақалада Әулие Вознесенск соборының фотосуреті бар.

«Қазақстан соңғы жылдары әлемдік БАҚ рейтингіне жиі ілігіп келеді және New York Times тізіміне ену туристердің біздің елімізге деген қызығушылығының артып келе жатқанын анық білдіреді», - ҚР Туризм және спорт вице- министрі Ержан Еркінбаев.

Алматы - бұл рейтингке енген өңірдегі жалғыз қала. Бұған дейін 2017 жылы Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында осы тізімге енгізілген болатын.

1c77cd325bc9b309b305f4883f61763c_1280x720

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале