Іссапармен Шыңғырлау ауданында болған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Снежана Имашева мен Абзал Құспан аудан орталығындағы аурухананы аралады.
Іргесі 1978 жылы қаланған ғимараттың қазіргі жағдайы күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Жобалық-сметалық құжаты да дайын, мәселе қаражат бөлінуіне тіреліп тұр. Қабырғалары мен төбелерінен сарғыш тап білініп, ескіріп тұрған ғимарат жылу жүйесінің жарақтылығына қарамастан желді, аязды күндері салқындап кетеді екен. Науқас адамдарға қолайсыздық тудырып жүрген мәселенің шешімі осы кұрделі жөндеу. Жалпы, мекеме жұмысы үздіксіз жүруде. Халық денсаулығы нақты бақылауда, тұрғындардың денсаулығын жоспарлы тексеріп отыру бағдарламалары жұмыс жасап тұр. Кадр тапшылығы бар, әрине. Биылғы жылы мекемеге жабдықталған жаңа 4 көлік беріліп, біреуі аудан орталығында, қалған үшеуі ауылдық жерлерге берілген.
Халық қалаулыларына айтылған аурухана ұжымының өтініші де осы ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу туралы болды. Бұл мәселенің құзырлы орындарға жететін айтқан депутаттар ұжым жұмысына сәттілік тіледі.
Қаршыға Елемесов,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz