26.08.2016, 10:58
Оқылды: 29

Бөкей ордасында дәстүрлі тамыз мәслихаты өтті

Дәстүрлі тамыз мәслихаты   Бөкей ордасы аудандық Мәдениет үйінде білім беру жүйесі қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі оздырылды. Салтанатты жиын білім беру ұйымдары шәкірттерінің жетістіктері мен шеберлігінен хабар беретін «Жетістіктер галереясы» көрмесін тамашалаумен басталды.


   Биылғы «Білімді ел – Мәңгі ел» тақырыбындағы тамыз кеңесі жұмысына аудан әкімі Н.С.Рахымжанов, облыстық білім басқармасының өкілі, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің математика және физика пәндері бойынша әдіскері З.Ш.Шайханова, аудан әкімінің орынбасары Л.Т.Қайырғалиева, мәслихат хатшысы Е.Қ.Таңатов және мекеме, ұйым жетекшілері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары, білім беру ісінің ардагерлері, жас мамандар мен осы сала қызметкерлері қатысты.

  Кеңеске қатысушыларды құттықтаған Нұрлан Сағынтайұлы аудан қаржысының 60 пайызы білім саласына жұмсалатынын тілге тиек ете келе, биылдан бастап даярлық тобы мен 1-ші сыныптықтар оқудың жаңа стандарты, яғни, 5 күндік білім жүйесіне көшетінін айтты.

Р.БАҚЫТОВА

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале