"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша 2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурстың басталғанын хабарлайды", - деп жазады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Фото: www.gov.kz
Конкурстың шарттары бойынша қатысушылар жобаларын 3 сала бойынша ұсына алады:
Конкурс аясында үкіметтік емес ұйымдарға 20 қысқа мерзімді грант, 2 орта мерзімді грант және 1 ұзақ мерзімді грант беру көзделген.
Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарға өтінімдер Операторға 11 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында 18.30-ға дейін (Астана уақыты бойынша), ұзақ мерзімді гранттарға – 11 қаңтар мен 14 ақпан аралығында 18.30-ға дейін (Астана уақыты бойынша) енгізіледі.
Конкурстық өтінімдер [email protected] электрондық поштасы арқылы, сондай-ақ қолма-қол/пошта жөнелтілімімен келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат, 504/1 кабинеті.
Конкурс жеңімпаздарын тәуелсіз сараптама комиссиясы анықтайды.
Толық ақпаратпен және конкурстық құжаттама бойынша ақпаратты мына жерден,:
Конкурс туралы толық ақпаратты оператордың cisc.kz сайтынан, сондай-ақ менеджерлерден алуға болады +7705 247 47 22