13.01.2024, 18:00
Оқылды: 96

Казталов ауданы: "Жауапсыз мердігер жауапқа тартылсын"

Бүгін күн суытып, Жалпақталға қалың қар түскеніне де​ үшінші күнге айналды. Осыған орай облыстық маңызы бар ауылішілік және ауыларалық автомобиль жолдарының да жүріп-тұруға қолайсыздық тудырып, қатынас көліктерінің қиындай түскенін көзімізбен көріп тұрмыз.

IMG-20240113-WA0027

Сөзіміздің дәлелі ретінде Жалпақталдан Көктерек, Жұлдыз,​ Қарасу бағытына шығатын облыстық маңызы бар мына жолдың қазіргі жағдайын арнайы суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жариялауды жөн санадық.

Себебі, осы жолды күтіп ұстауға жауапты мердігер болып танылған «СтартСтройСервис» ЖШС-і қанша уақыт өтсе де, жолды тазаламай әлі күнге қимылсыз отыр.

- Өздеріне беркітілген жол тазалау жұмыстарын уақытында жүргізбей, осынау бейқамсыздыққа тікелей жол берген «СтартСтройСервис» ЖШС-нен аудандағы тиісті басшылар неге қатаң түрде талап етпейді? Біз, Жалпақтал ауылының тұрғындары болып, өз ісіне салқын қарайтын, жауапсыз мердігер басшылығын заң жүзінде жауапқа тартылуын сұраймыз, - дейді тұрғындар...

Бұған нендей уәж айтылар екен?!

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале