13.01.2024, 23:00
Оқылды: 134

Казталовтық атбегі әлемді бағындырды

Күні кеше Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетінің Дубай қаласында өткен дүниежүзілік ат жарысында казталовтық Тілек Мухамбетқалиевтің «Кабирхан» атты тұлпары топ жарып, бас жүлдені иеленді.

IMG-20240113-WA0017

Бұл атбегі азаматтың руы – Беріш. Казталов ауданының тумасы.

2000 метр ұзындықтағы жарысқа 13 жылқы қатысты. Шабандоз Пэт Доббс мінген «Кабирхан» мәре сызығын бірінші болып кесті. Қазақстандық сәйгүліктің жанкүйерлері жеңіске жеткен видеоны әлеуметтік желілерге жариялады.

f7f5dea328b9207722b04b314ff01f6765a1aa14aeb8b446837511

Сәйгүлік екі апта демалыстан кейін, Al Maktoum Challenge екінші кезеңіне қатысады.

Тұңғыш рет ат спортынан Дубайда көк туымызды желбіретіп, еліміздің атын әлемге паш еткен азаматты аудан халқы атынан құттықтаймыз!

Нұр Рахман, 

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале