14.01.2024, 12:30
Оқылды: 50

Моншада ішімдік ішсе ағзаға не болады?

"Кейбір адамдар моншада демалу мақсатында достарымен немесе жалғыз ішімдік ішеді. Бұл қаншалық дұрыс? Денсаулыққа зияны жоқ па? Терапевт Георгий Каевицер жауап берді", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru-ға" сілтеме жасап.

xpivo-i-banya.jpg.pagespeed.ic.gpWbevL1neФото: bani.org.ua

Ыстық моншаға түсудің өз қарсы көрсетілімі бар.

Моншада алкоголь ішуге болмайды

Ғалымдар өткізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, моншада ішімдік ішу жүректің тоқтап қалуы мен қан тамырлары ауруларының қаупін арттыруы мүмкін. Өйткені, алкоголь электролиттерді жояды, ол моншадағы жоғары температурамен біріксе, жағдайды ушықтырады.

Жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға болмайды

Жоғары температура норадреналин өндірісін ынталандырып, жүрек соғысын тездетуі мүмкін, сондықтан жүрек жеткіліксіздігі, инфаркт, жоғары қан қысымы және жүректің ұстамалы ауруы бар адамдар моншаға түспегені жөн. Ыстық монша ауруды өршітіп, соңы өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Тері қабынулары бар адамдарға

Моншада болуы мүмкін инфекциялар атопиялық дерматит секілді терідегі жаралардың бетіне түсіп, ауруды асқындыруы мүмкін.

Ортостатикалық гипертензия және қан қысымы күрт төмендеп кетуінен зардап шегетін адамдарға

Бұдан бөлек, тізімде ортостатикалық гипотензия, қолқа қақпақшасының сыни стенозы және тұрақты аритмия аурулары да бар. Мұның себебі, моншада тері тамырлары кеңейгенде, қан тамырларының перифиялық кедергісі төмендейді, салдарынан қан қысымы да күрт төмендейді.

"Негізінен, қазір монша мен саунаның адам ағзасына қалай әсер ететінін зерттеуге қарап қана айтып отырмыз, сондықтан анығын білу үшін міндетті түрде дәрігер кеңесін алу керек", - деді Георгий Каевицер.

Айта кетейік, бұған дейін моншада қанша уақыт отыруға болатыны хабарланған болатын.

Монша ішіндегі буда отыру уақыты әр адам ағзасының ерекшелігіне, монша түріне және температураға қарай әртүрлі. Десе де, орташа есеппен қолайлы уақыт - 10-15 минут.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале