15.01.2024, 14:45
Оқылды: 57

«Назарбаев зияткерлік мектептерінде» оқу гранты қымбаттайды

«Ашық НҚА» порталында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеуге арналған  Президенттің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Оқу-ағарту ведомствосының бұйрығына өзгеріс енгізуді көздейтін бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

a535d3bc-b57e-4f97-9faf-c66d49d68e0d

Фото: Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінен

«Гранттың мөлшерлері:

1) жатақханада тұруды есептемегенде, күнтізбелік жылға 2 349 191 (екі миллион үш жүз қырық тоғыз мың жүз тоқсан бір) теңге;

2) жатақханада тұруды есептегенде, күнтізбелік жылға 3 247 305 (үш миллион екі жүз қырық жеті мың үш жүз бес) теңгені құрайды», делінген аталған бұйрық жобасында.

Ал қолданыстағы бұйрық жобасында жатақханада тұру ақысын есептемегендегі жылдық грант құны 2 150 208 теңге, жатақханада тұру бағасын қосқандағы жылдық грант құны 3 036 859 теңге болған.

Бұйрық жобасы 29 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале