Бүгіннен бастап «Qazaqstan» арнасынан «Ауыл мұғалімі» телехикаясының екінші маусымы көрерменге жол тартады.

Мелодрама жанрындағы сериалдың алғашқы маусымы Ұлттық арна көрермендерінің үлкен қызығушылығына ие болды. Басты рөлдерде Әбілмансұр Серіков, Гүлбаһрам Байбосынова, Шерхан Пірназаров, Ұлбосын Шалқарова, Гүлмира Жакилина ойнайды.
Отбасылық телехикая жұмыс күндері 20:30-да көрсетіледі.