Бүгін Сырым аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов аудандағы мекемелер мен бөлім басшыларына жаңа аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлеповті таныстырды.
Аудан әкімі мен мекеме басшылары Қайрат Төлеповтің жұмысына сәттілік тіледі.
Қайрат Нұржанұлы Сырым ауданының Жымпиты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1999 жылы “AMANAT” Орал қалалық институтына түсіп, 2004 жылы Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін “экономист-маркетолог” мамандығы бойынша,
2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің “құқықтану” мамандығы бойынша тәмамдаған. Университет қабырғасында әскери кафедрада оқып, запастағы “лейтенант” шенін алған.
Алғашқы еңбек жолын Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы болып бастап, кейіннен Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Жымпиты ауылдық округінің әкімі, БҚО әкімі аппаратының бас инспекторы лауазымдарын атқарған.
2022 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Сырым ауданы әкімінің өкімімен Сырым ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz