Бөрлі ауданы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюповтың қатысуымен КПО б.в. компаниясының мердігер ұйымдарын Батыс Қазақстан облысында тіркеу бойынша көшпелі отырыс өтті.
Аталған отырысқа аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов төрағалық етіп, облыстық басқарма басшылары, ауданның құқық қорғау орган басшылары, мемлекеттік мекемелер, КПО б.в. компаниясының қызметкерлері мен мердігер ұйым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатынасты.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Ерсайұлы сөз алып, аталған мәселе бойынша екі жылдан бері түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатқанын баяндады. Соның нәтижесінде өңірдегі ірі кәсіпорынмен келісімшартқа отырып, жұмыс жасап жатқан 25 компания тіркеуден өткен. Нәтижесінде екі жылда 3,1 млрд теңге салық түскен.
Ал басқа өңірлерде есепте тұрған 20 компания біздің облыста филиал ашуға келіспей отыр. Ал екі жыл ішінде тіркелген 22 компания облыс бюджетіне 2022 жылы 1,4 млрд теңге салық төлесе, 2023 жылы 1,9 млрд теңгеге жуық қаражат аударған. Үш компания филиал ашқанымен күні бүгінге салық төлемдері процесін жүргізбей отыр.
- Облыстың, ауданның бюджетін толықтыру бағытында екі жыл көлемінде түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бөрлі ауданы облыстық бюджеттін ең маңызды салық түсетін бірден бір аудан болып саналады. Біз екі жыл бұрын осы мәселені көтеріп, компаниялармен сөйлестік. Кейбір компаниялар мән бермей, кейбірі әлі күнге дейін түсінбей жүрген шығар. Сондықтан қолданыста қандай механизмдер бар, қалай жүзеге асыра аламыз осы мәселені сіздерге түсіндіру үшін келіп отырмыз. 2022-2023 жылдары бұл жұмыс басталып кетті. Сол жұмыстың нәтижесінде 25 компания тіреуден өтті. Салық төлеуді ұйымдастыруда. Нәтижесінде екі жылда 3,1 млрд қаражат түсті. Қазір тұрғындардың өтініші көп. Кез келген ауыл, аудан тезірек дамып, түрлі жобаны іске асырғысы келеді. Алайда бюджеттің шектеуіне байланысты біздерде осы мәселе кенже қалып жатыр. Біз ешкімнің ақшасын санаудан аулақпыз. Жұмыс жасаңыздар, біздің басты міндетіміз жергілікті жерден тапқан табысын осы жерде қалдыру ғана. Ақсай қаласы үлкен кен орынның қасында орналасқандықтан шаһардың дамуы өте жоғары болуы керек. Ақсай басқа моноқалаларға үлгі болуы керек. Осыған орай біздің мақсатымыз компаниялардың жауапкершілігін арттыру. Азаматтық ұстанымын ояту, - деп атап өтті Тілепберген Ерсайұлы.
Тлепберген Ерсайұлы компаниялардың жұмыс жасауына, бизнестерінің дамуына ешқандай кедергі болмайтынын да атап өтті. Осы жерде жұмысын жасап жатқан әр компания әлеуметтік жауапкершілікті жете сезінулері керектігін атап өтті.
Жиында облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұрлан Рахымғалиевта сөз алды.
- Сала басшысының сөзінше, Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында 100-ге тарта мұнай сервис компаниясы, сондай-ақ ондаған басқа қосалқы мердігер компания жұмыс істейді. Аталған компаниялардың көпшілігі Алматы, Астана, Атырау қалаларында тіркеліп отыр. Тиісінше жергілікті бюджетті толықтырудың негізгі көзі жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша бюджетке, басқа өңірлерге аударылып отыр.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқығы жергілікті жерде тіркелу міндетті емес. Дейтұрғанмен аталған компаниялар жергілікті инфрақұрылым мен экологияға келеңсіз әсер ететінде атап өтеміз. Соның ішінде өндірістік нысандар қоршаған ортаның ластануы, компания көліктері автомобиль жолдарына залал келтіруі, медігер компанялардың қызметкерлері, олардың ұстуға жергілікті бюджеттен млрдтаған қаражат бөлінетін. Өңірдегі субсидия алатын инфрақұрылымдары оның ішінде мектеп, балабақша, жолдар бәрін пайдаланып отыр. Осы ретте өңірдегі барлық кәсіпорындардағы жағдайларға нақты жауап беретін жергілікті атқарушы органдар басқа өңірде тіркелген компаниялардың өңір үшін ешқандай пайда ала алмай отырғанын атап өтеміз. Жергілікті атқарушы орган өңірде компанияларды тіркеу бойынша өздігінен жүргізеді. Алайда барлық компания өңірлерде өздерінің филиалдарын ашуға ерікті түрде келісім беріп отыр. Әкімдік, КПО компаниясының мердігер ұйымдарының қатысуымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссиясының кеңейтілген отырыстарында тіркелмеген мердігер ұйымдарына тіркелу және филиал немесе өкілдерін ашу бойынша бірнеше ұсыныстар берілген болатын,- деді Нұрлан Өмірғалиұлы.
Одан кейін сөз алған Тілепберген Ерсайұлы кез келген еңбек дауы көтерілетін болса басқарма басшылары үшжақты комиссия көтеру арқылы сол еңбек шартына байланысты туындаған мәселелерді осы жерге келіп шешетіндігін алға тартып, «компаниялар жергілікті халық үшін не істеп жатыр?» деген сұрақтың қойылуы орынды екенін айтты.
- Әрине, олардың жасап жатқан жұмысы қызмет көрсету арқылы пайда табу. Ал түскен пайдасын бюджеттік кодексте көрсетілгендей салық төлеуші объектінің орналасқан жері бойынша салық төлеуге құқылы. Қазір ҚР Паламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары осы «құқылы» деген сөзді «міндетті» деген сөзге ауыстыруға жұмыстанып жатыр. Әрине, бір жылдық келісім-шарты бар компанияларға тіркелуге немесе филиал ашуға мәжбүрлемейміз. Көптен бері осы жерде жұмыс жасайтын компанияларға қоятын сұрағымыз осы, - деді облыс әкімінің орынбасары.
Жиналыста кіріс басқармасы берген мәлімет бойынша аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов сөз алды.
- Мәселен «Fluor Kazakhstan Inc» филиалының мердігер компаниясы Ақсайда 48 адамға жұмыс беріп отыр. Тиісінше, 2023 жылы компания жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық үшін 648474711 теңге төлеген. Бірақ, бұл қаражат компанияның Ақсай қаласында тіркелмеуіне байланысты біздің өңірдің қазынасына түспей отыр. Ал «Caspian Offshore Construction Realty» ЖШС 140 адамға вахталық әдіспен жұмыс беріп отыр. Кірістер басқармасының келтірген мәліметінше бұл компания өткен жылға 1 780 679621 теңге салық төлеген. Сол 140 жұмысшы осы өңірдің азаматы. Жалпы, әрқайсысыңыз біздің алдымызға келіп, туындаған мәселе болсын, жер беру мәселесінде біздің тараптан оң шешім тауып жатады. Барынша көмек қолын береміз. Енді сіздердіңде жауапкершіліктеріңізді сезінгіміз келеді, - деді аудан басшысы.
Әлі тіркелмеген 20 компанияның біразы жиынға келіп, бірнешеуі онлайн қатысып, аталған мәселені бойынша пікірлерін білдірді. Дегенмен, алдағы 10 күннің ішінде кәсіпорын басшылығымен сөйлесіп, нақты шешім қабылтайтындықтарын айтты.
Айым Нұрғалиева,
Фотоны түсірген Мария Пирог
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz