Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БҚОФ өкілдері ақ халаттылармен кездесіп, МӘМС туралы ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Қалалық №1 емханада өткен жиында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы айтылды.
2020 жылдан бастап елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды.
МӘМС жүйесінің игілігін көріп, тиімділігіне көз жеткізген адам жетерлік. Қордың негізгі міндеттерінің бірі – пациенттің құқығын қорғау.
Айта кету керек, барлық жарна мен аударым қорға емес, ҚР Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түседі. Олар сол жерден тек есеп беру кезеңінде медициналық ұйымдар, қор жеткізушілері көрсеткен медициналық қызметтерге ақы төлеуге жіберіледі.
Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры БҚОФ