17.01.2024, 10:30
Оқылды: 59

Астанада заңсыз крипто айырбастау пунктін ұйымдастырушылар сотталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласындағы департаменті заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша А. Кучукова пен Е. Садыровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

pexels-worldspectrum-844124

Фото: pexels.com

Аталған азаматтар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан. Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы 15 млрд теңгені құраған. Олар 1,5-нан 2,5%-ға дейін сыйақы комиссия алып отырған.

Мемлекет кірісіне криптовалюта әмиянының балансындағы 22894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың АҚШ доллары және 7 млн теңгеге жуық ақша тәркіленген.

Сот А. Кучуковқа мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге, ал Е. Садыровқа мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале