14-17 қаңтар күндері Оралда тоғызқұмалақтан юниорлар мен жастар арасында классика және блиц түрлерінен Батыс Қазақстан облысының жекелей чемпионаты өтті.
Жетпіске жуық спортшы қатысқан чемпионатқа Сырым ауданынан А.Шайхиев атындағы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері қатысты.
- Аталған чемпионат нәтижесінде ауданымыз бір алтын, екі күміс, жеті қолаға ие болдық. Шәкірттерімнің арасынан блиц бойынша жап-жаңа чемпион шықты. Жансая Нұржанғалиева чемпион атанса, классика бойынша Дәнелхан Қожаберген мен Нұрбибі Ғиният ІІ орын иеленді.
Ал классика түрінен Гүлнұр Жаңбыр, Гүлім Смағұлова, Жансая Нұржанғалиева, блиц түрінен Дәнелхан Қожаберген, Нұрбибі Ғиният, Гүлнұр Жаңбыр, Гүлім Смағұлова қола жүлдені қанағат тұтты, - деді ағынан жарыла сүйінші жаңалықпен бөліскен Дарын Төреғалиев.
Аталған спортшылар наурыз айында Өскемен қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz