Бұл туралы «Атамекен» өнер ордасының баспасөз қызметі хабарлады.
- Құрметті оралдықтар және қала қонақтары! Сіздерді «Атамекен» өнер ордасының ұйымдастыруымен өтетін «Мұхиттың мұрагерлері» атты батыс дәстүрлі ән мектебі өкілдерінің концертін тамашалауға шақырамыз!
Әйгілі жыршы-термеші Хатимолла Бердіғалиев бастаған Ақ Жайық өңірінің айтулы дәстүрлі әншілері өнер көрсетіп, баба сөзін тірілтіп, дала сазын жаңғыртады.
Кеш барысында «Хабар» арнасы мен «Assyltas» коғамдық қоры ұйымдастырған «Асыл домбыра - 2023» телевизиялық жобасына қатысып, 20 команданың арасында бас жүлде алып, өңіріміздің абыройын асқақтатқан Батыс Қазақстан облысы ақындар командасына «Асыл домбыра» салтанатты түрде табысталады.
Дәстүрлі ән кеші 27 қаңтар күні сағат 17:00-де «Атамекен» өнер ордасында өтеді. Кіру тегін, делінген хабарламада.