Сырым ауданында аудан көркемөнерпаздарының, мекемелердің қатысуымен 80-90 жылдардың ескі һәм есті әндерге арналған ретро кеш өтті.
Кештің шымылдығы «Ақ қайың» вокалды-аспаптар ансамблінің орындауында Модерн токинг репертуарындағы поппури, «What is love» әндермен түріліп, «Жас қалам» әніне, Жымпиты халық театрының шағын қойылымына ұласты.
Театр әртістері мен А.Жұма «Новый герой» деп әуелетсе, мектеп ұжымдары мен аудандық демалыс орталығының өнерпаздарының орындауында «Таң сыры», «Гранитный камушек», «Сұлу қыз», «Еділ мен Жайық», «One day», «Снег кружится», «Қайдасың?», «Розовый вечер», «Чайхана», «Девяностые» әндері шырқалды.
Ескі әндердің тыңдармандары арасында лоторея билеттері ойнатылып, бас жүлдеге темір тұлпар тігілді.
Әр жүрекке еріксіз ән салдырған әуезді кеш «Сағындырған әндер-ай» әнімен қорытындыланды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz