Теректі аудандық спорт клубының ұйымдастыруымен шаңғы маусымының ашылуына орай шаңғыдан аудандық турнир өтті.
Жарыстың ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа Теректі, Покатиловка және Подстепное ауылдық округтерінен спортшылар мен аудандық аурухананың дәрігерлері қатысты.
Шаңғымен жаппай жүгіруден жасөспірім ерлер арасынан I орынды Ернұр Сағыналин алса, ІІ орынды Донеділ Төлеш (Подстепное а/о) иеленді.
Ал қыздар арасынан бірінші және екінші орынды да подстепныйлық Алина Ғұбашева мен Шынар Амангелдиева өзара бөлісті.
Ересектер арасында жүлделі І орын Ерлан Сағыналин (Подстепное а/о) иеленсе, ІІ орынды Ерлан Абухаиров (Покатиловка а/о) еншіледі. Теректілік Жасұлан Мұхамбетов үздік үштіктен көрінді.
Барша жүлдегерлерге Теректі спорт клубы директорының міндетін атқарушы Өтеген Мүбарактың атынан алғысхат табысталды.
Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz