20.01.2024, 9:30
Оқылды: 40

Оңтүстік Кореяда төртінші қысқы жасөспірімдер олимпиадасы басталды

Оңтүстік Кореяда төртінші қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы жағылды. Каннын Овал (Gangneung Oval) мұз сарайында 8 мың көрерменнің қатысуымен өткен ашылу салтанаты керемет қойылымдарға толы болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

1705671806

«Бұл Ойындар спортқа деген махаббат, жаңа білім мен алдағы екі аптаның ішінде табатын жаңа достарыңыз жайлы болмақ. Өйткені, Жасөспірімдер Олимпиадасы дегеніміз де осы – бар әлемнен жиналған жас спортшылардың жылы әрі достық атмосферада бәсекеге түсуі. Дос болыңыздар, өздеріңізді және қарсыласты сыйлаңыздар, ережені сақтаңыздар. Ең бастысы – Олимпиада ойындарына алғаш қатысқан сәттеріңізден ерекше ләззат алыңыздар», - деді ойынға қатысушыларға ақ жол тілеген Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

1705671652

Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысу үшін әлемнің 78 мемлекетінен 14 пен 17 жас аралығындағы 1800-ден аса спортшы келді. Канвон провинциясы мұндай ірі көлемдегі жарысты екінші рет қабылдап отыр. Алғашқысы – 2018 жылы Пхенчханда өткен қысқы Олимпиада ойындары.

1705671700

Канвон-2024 ашылу салтанатының мәдени қойылымдары «Ғалам» тақырыбында өрбіді. Бұл - жастардың шексіз мүмкіндіктерін дәріптейтін тақырып. Жас спортшылардың кейпіне енген қойылым актерлері өз ғарыш әлеміндегі жұлдыздарды зерттеп, жұлдыздарын жағып, жарқырай түсті.

1705671680

Ашылу салтанатының соңында дәстүрге сай Олимпиада алауы тұтанды. Алаудың сандық нұсқасы Каннын саябағында орналасқан. Бұл жолы Олимпиада алауын жағу құрметі жас фристайлшы, Канвон-2024 Олимпиадасының қатысушысы Чон Мин Лиге берілді.

1705671749

1 ақпанға дейін созылатын жарыс бағдарламасында жас спортшылар жеті спорт түрі (15 дисциплина) бойынша 81 жүлделер жиынтығын сарапқа салады. Қазақстандықтар биатлон, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғымен тұғырдан секіру, фристайлдан параллельді могул, тау шаңғысы спорты, керлинг пен хоккейден сынға түседі.

1705671721

Алғаш болып жарысты 20 қаңтар күні биатлоншылар (жекелей сын), шорт-трекшілер (1500 метр), шаңғымен тұғырдан секіру командасы (жекелей сын) және Польшаға қарсы іріктеу матчын өткізетін хоккейшілер бастайды.

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале