Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Руслан Ғұмардың төрағалығымен облысымызда бастау алған “Қаладан – ауылға!” пилоттық жобасы бойынша жиын өтті.
Аталған жиынға аудандық ақсақалдар алқа мүшелері, тиісті мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты. Алдымен аудындық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ақылбек Семенов аудан халқының қозғалысы және ауылдық елді-мекендердің бүгінгі көрсеткіштері туралы баяндама жасады. Пилоттық жоба аясында Жаңақала ауданы бойынша Жаңажол және С.Меңдешев ауылдық округтері белгіленді. Жиын ауданымыздың аға буын ақсақалдарының ұсыныс-пікірлерімен жалғасты.
"Қаладан – ауылға!" жобасы аясында мемлекет тарапынан ауылдық жерге келген жас отбасыларға әрбір сала бойынша бірқатар көмектер көрсетіледі. Сондай-ақ ауылдың кәсіпкерлері де жас отбасыларды қолдап, аудынның негізгі бағыты мал шаруашылығы болғасын, ауылдық жерде мал өсіруіне үлестерін қосып, ұсақ және ірі қара мал беріп жас отбасыларға демеушілік көмектерін көрсететіндерін жеткізіп отыр.
Жиынның соңы аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмардың барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, жобаның сәтті іске асыру жолында аудан ақсақалдары және ардагерлерімен бірлесіп жұмыстануға шақырды.
Аруғаным Берікқызы,
Жаңақала ауданы