22.01.2024, 10:15
Оқылды: 119

БҚО-да тағы да жол апаты. Қайтыс болғандар бар

Қаңтардың 20-сы күні сағат шамамен 16:55-те Ақжайық ауданына қарасты Самал ауылының қасында Орал-Атырау тас жолында жол апаты болды.

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsApp Image 2024-01-22 at 10.29.50

Өзбекстан елінің 1983 жылғы азаматы тізгіндеген Mazda СХ-7 маркалы автокөлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып, қарсы келе жатқан DAF маркалы көлігіне соқтығысады.

Жол апаты салдарынан Mazda СХ-7  маркалы автокөлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.

Олар 1984 жылғы әйел және 2012 жылғы бүлдіршін.

Тағы бір 2009 жылғы жасөспірім Ақжайық ауданының аудандық ауруханасына жатқызылған.

Барлығы да Өзбекстан елінің азаматтары екені белгілі болды. Тергеу басталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале