1920 жылдың 26 тамызында РСФСР Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті және Халық Комиссарлары Кеңесі құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декретін жариялайды.
Декрет бойынша Қазақстанның жері төмендігі құрам да анықталады. Оған Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Каспий облысының Маңғыстау, Краснодар уездері, Адай уезінің 4-5 болыстығы, сондай-ақ Астрахань губерниясының қазақтар мекендеген бөлігі кіреді.
Қазақ АКСР-ының басқару органы жергілікті Кеңестер, Орталық Атқару Комитеті және Халық Комиссарлары Кеңесі болды.
Сондай-ақ РСФСР Халық Комиссарлар Комитетінің келісімі бойынша ҚазақАКСР-ының Халық Комиссарлар Кеңесі тағайындалады деп, нақтыланады.
Осылайша бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның шекарасы белгіленіп, басқару билігі анықталады.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz
(Алаш қозғалысы, Энцикл. анықтамалық, 2014 жыл)