23.01.2024, 12:45
Оқылды: 69

Экология министрі Леонардо Ди Каприоға бұқтырылған киік етін жолдай ма?

Таяуда танымал америкалық актер, Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо киік популяциясының қалпына келуіне байланысты Қазақстанға үндеу жасаған еді.

714d4859-6edd-4b26-afb2-0cfc85778b03

Фото: primeminister.kz

Ол Үкіметті құттықтап, бірлескен күш-жігер арқылы табиғат қорғау саласында шынайы табысқа қол жеткізудің жарқын мысалы болғанымызды атап өтті. Осыған орай журналистер Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтан «белгілі табиғат жанашыры Леонардо Ди Каприоға консервіленген киік етін жолдайсыз ба?» деп сұрады.

«Бір ғана танымал Голливуд актері Ди Каприо емес, халықаралық ұйымдар да 21 мың бас киікті көбейтіп, 2 миллионға жуық өсіргеніміз үшін алғысхат жолдап жатыр. Сонымен бірге халықаралық ұйымдар мәселенің екінші жағын қабылдап отыр. Киік санын реттеу керектігін де, әлемде мұндай тәжірибе бар екенін де түсініп отыр», — деді министр.

Ерлан Нысанбаев киік санының табиғи реттелу құбылысын бұзған адам екенін еске салды.

«Тағы да айтам, киік санының табиғи реттелу құбылысын бұзған өзіміз кінәліміз. Енді бүгін қолдан реттеуге мәжбүрміз. Өйткені ауыл шаруашылығына шығын келтіріп жатыр. Консервіге келсек, бір жерде сатылып жатса, өзім сатып алып, дәмін көрем. Шын мәнінде ол туралы ойламаппын да», — деді ол.

kaz.inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале