23.01.2024, 16:30
Оқылды: 63

Ауыл шаруашылығы саласының ардагерін құттықтады

Шыңғырлау ауданында елеулі еңбек етіп, ел экономикасының дамуына, ауданның өркендеуіне көптеп үлес қосып жүрген жандар ел мақтанышы. Сондай көпке үлгі жерлестеріміздің бірі -  Жауымбай Есенов. 

WhatsApp Image 2024-01-23 at 10.49.52

Талай жылдар бойы ауданда адал, абыройлы қызмет етіп келеді. Жауымбай Айтқалиұлы - Ақбұлақ ауылының сыйлы азаматы, отбасында аяулы жар, ардақты әке, ақылшы ата.

Еңбек жолын 1970 жылы бастап, 27 жыл механизатор боп жұмыс істеген. Ауыл шаруашылығы саласында ойып тұрып орын алған Жаумбай Жауымбай Есенов. Айтқалиұлы. зейнет жасына шықса да, 2017 жылы кәсібін бастаған болатын. Мал басын көбейту және асылдандыру мақсатында ашқан «Жауынбай» шаруа қожалығының жұмысы қазіргі таңда дүрілдеп тұр.

Бұл аталған азаматтың өз ісіне адал, еңбекқор жан екенін көрсетеді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына әрдайым қол ұшын созып, қайырымдылық шараларына үнемі атсалысып жүреді. Аудан игілігі үшін жасалған кез келген жұмыста белсенділік танытып, көктемгі су тасқыны, жазғы өрт қауіпсіздігі, санитарлық-тазалық шаруаларына қожалық қызметкерлері және техникалары қашан да көмек көрсетеді.

Жауымбай Есенов бүгін 70 жасқа толып отыр. Соған орай аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев еңбекке адал азаматты мерейлі жасымен құттықтап, отбасына амандық, шаруашылығына табыс тіледі. Ауданға сіңірген елеулі еңбегі үшін алғыс білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале