24.01.2024, 11:45
Оқылды: 56

Қазақстандықтар енді аты-жөнінен бұрын ЖСН ала ма?

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

жп орал

Депутат Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

- Жаңа туылған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады. Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп отыр, - деп айтты Смышляева Мәжілісте.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале