Ақмола облысында сәбиге 10 қаңтарда аязға қарамастан, боранды күні анасы мен ұлын тауып алып, құтқарған Ерейментау ауданы ТЖБ бастығының құрметіне оның есімі берілді.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ол кезде әйел жүктіліктің 35-ші аптасында болған. 22 қаңтарда Амангелді Доскеновке отбасының жақыны қоңырау шалып, оны ауруханадан шығарып алу рәсіміне шақырған.
- Нәресте біздің батырымыздың қолына берілді. Балаға өзінің құтқарушысының құрметіне Амангелді есімі берілді. Дүниеге аман-сау келген Амангелді отбасындағы жетінші бала. Баланың ата-анасының айтуы бойынша, 7 саны қазақтар үшін ерекше, қасиетті сан, - делінген жазбада.