25.01.2024, 9:00
Оқылды: 56

Tez.kz туроператорының барлық туристі Қазақстанға қайтарылады

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор» КҚ ақпараты бойынша TEZ.KZ туроператоры өз қызметін тоқтатқанын хабарлады.

Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

InShot_20240125_082353863

Аталған туроператор ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы.

Бүгінде шетелде бұл туроператордың қызметіне сүйенген 300-ден астам қазақстандық турист бар.

Мәселені шешу үшін ҚР Туризм және спорт министрлігі мүдделі тараптармен жедел кеңес өткізді. Министрліктің қолдауымен TEZ.KZ туроператорының барлық туристі Қазақстанға туроператордың кепілдік жүйесінде жинақтаған қаражаты есебінен қайтарылады. Кепілдендірілген қайтарудың алғышарты - туркодтың болуы қажет. Туристерге туристік өнімде көрсетілгендей келу күндеріне сәйкес Қазақстанға қайту билеті қамтамасыз етіледі.

2016 жылдан бастап туроператор сататын әр турда ТУРКОД болуы керек яғни бірегей әріптік-цифрлық мән. Туркодтын әрекеті турист Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен кезден басталады.  Туроператордың өз міндеттемелерін орындамауы немесе орындау мүмкін болмаған жағдайда тез арада елге қайтарылуына кепілдік береді. Әр турист оны талап етуі керек.

Айта кетейік, «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының турист деп саналатын азаматтарының туроператордың өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда уақытша тоқтаған елінен Қазақстан Республикасының аумағына тез оралуын қамтамасыз ету.

Туристердің елге қайтарылуы бойынша туындаған барлық сұрақтарға келесі контактілерге хабарласуға болады:

1) «Туристік қамқор» КҚ директоры - Есилов Асылхан Бурамбекович, тел. 74-51-58, +7-701-534-05-08;
2) ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Басқарма басшысы - Ауезов Меиржан Ибадуллаевич, тел. 74-07-71, +7-701-553-20-64.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале