Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Нұрғали Жұмағазы
Қысқы жасөспірімдер олимпиадасында алғаш рет 3×3 хоккейден жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы бұл сында үшінші орынға табан тіреді. Үшінші орын үшін өткен тартысты ойында жерлестеріміз Аустриядан 6:5 есебімен басым түсті.
Қазақстан - Аустрия 6:5 (4:1, 1:2, 1:2)
Айта кетерлігі, қазіргі таңда IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанда 1 алтын және 2 қола жүлде бар.
3х3 хоккей бойынша айдынға шыққан спортшылар келесідей: Темірлан Айболұлы, Бексұлтан Мақыш, Арсений Кучковский, Әділхан Саттар, Никита Кулаков, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Арман Төлен, Жахангер Тілеухан, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Әнуар Ахметжанов.