25.01.2024, 17:39
Оқылды: 47

Семинар кеңес өтті

Бүгін Казталов мектеп-лицейінде Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитованың төрағалымен аудандық террористік тұрғыдан осал объектілердің тізімінде тұрған мекемелердің қауіпсіздік мәселесіне қатысты семинар кеңесі өтті.
image-25-01-24-05-28
Семинарда террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша қойылатын талаптар жөнінде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау туралы ​ бөлімінің бас инспекторы Айдана Мұханбетова, терроризм актілерінің алдын алу бойынша іс-әрекеттер туралы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Алмаз Сембаев, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ерген Тасқалиев түсіндірді.
Кездесу барысында семинарды ұйымдастырушылар қатысушыларға ақпараттық видеоролик көрсетті.
Семинарға қатысушылар пікір алмасып, талқыланатын тақырып бойынша өздерін қызықтыратын мамандарға сұрақтар қойды. Оларға объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға толық жауаптар мен құқықтық көмек берілді.
Жиын соңында төтенше жағдайлар кезіндегі халықтың іс-әрекеттері туралы брошюралар мен жадынамалар таратылды.​
Гүлнұр Бөлешова,​
Казталов ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале