26.01.2024, 17:00
Оқылды: 105

Қазақстан қалай одақтық республикаға айналды?

1936 жылдың 5 желтоқсанында қабылданған КСРО Конституциясына сәйкес, бұрынғы РСФСР құрамындағы Қазақстан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы деген статусынан Одақтас Республикаға айналып қайта құрылады.

жп дала

Жаңа құзіретке ие болған Қазақстанның Одақтас Республика ретінде мемлекеттік, экономикалық және мәдени міндеттерді шешудегі құқықтары кеңейіп мақсат-міндеттері арта түседі.

1937 жылдың 21 наурызы мен 26 наурызы аралығында Алматыда өткен Қазақстан Кеңестерінің Х төтенше съезінде Қазақ Кеңестік Социалистік Одақтас Республикасының Жаңа Конституциясы бекітіледі.

Ата Заңда қазақ халқы өзінің қоғамдық-саяси дамуында социализмге қадам басты және Қазақстан халқы қоғамдық-саяси теңдік пен әкімшілік-территориялық құқық алды делінді.

Осылайша Қазақстанның автономиялық республикадан одақтық Республикаға өтуінің құқықтық нормалары айқындалып, КСРО құрамында әкімшілік-территориялық шекарасы бекітіледі.

 

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Дереккөз: «Алаш қозғалысы», Энциклопедиялық анықтамалық, 2014 жыл

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале