Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
18 қаңтарда рейд барысында Қазақстан-Ресей шекарасынан өтпекші болған жүк автокөлігінде халық тұтынатын тауарларға жасырылған шамамен 100 келі есірткі табылған.
Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.