27.01.2024, 23:12
Оқылды: 85

Ұлттық өнер: аналар мен қыздарға шеберлік сағаты өткізілді

Бүгін Оралда «Star» білім және өнер орталығы мен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп, Жұлдыз шағынауданында орналасқан «Star» орталығында «Қазақ қызы» жобасы аясында қыздарды қолөнерге баулу мақсатында «Шекелік және шашбау» істеуден аналар мен қыздарына шеберлік сағатын өткізді. 

IMG-20240127-WA0074

Шарада облыстық музейдің экскурсия ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жанаргүл Сырымова музей қорындағы ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ халқына тән күміс әшекей бұйымдарын шекелік, шашбау, өңіржиек, құстұмсық жүзік, құдағи жүзік және тағы басқа бұйымдарды таныстырды.

IMG-20240127-WA0060

IMG-20240127-WA0077

Қолөнерді дәріптеген шараға қырық ана мен қырық қыз қатысты.

IMG-20240127-WA0062

Айта кетейік, «Star» білім және өнер орталығындағы хореография, домбыра, көркемсурет, қолөнер, вокал, үстел теннисі, шахмат, ағылшын тілі, орыс тілі, математика, жылдам оқу және көркем жазу курстарына барлығы 280 оқушы қатысады. Аталған үйірмелерге орталық оқушыларды көршілес Достық, Новенький ауылдарынан тегін алып келеді.

IMG-20240127-WA0072

IMG-20240127-WA0069

Ал «Қазақ қызы» жобасының тұсауы осыдан бір ай бұрын кесілген. Тұсаукесерде суретші аналар мен қыздарға арт-терапия өткізген.

Жоба ережесі бойынша «Қазақ қызы» жобасына қатысқан қыздардың аналарына аптасына екі рет қазақ биі сабағы өтеді. Айына бір рет ауқымды шара ұйымдастырылады.IMG-20240127-WA0065

Орталықта қыздар жас тілші, домбыра, сән өнері, музыка, Хореография, Актерлік өнер, Этика және Аспаздық үйірмесіне қатыса алады. Аналарға Хореография, Арт-Терапия, Аспаздық, Қолөнер сабағы және Тренинг-кездесулер өткізіледі.

IMG-20240127-WA0067

IMG-20240127-WA0064

Фотоның авторы: Мәди Салық

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале