28.01.2024, 11:30
Оқылды: 106

Бәйтерек аудандық сот төрағасы брифинг өткізді

Бәйтерек аудандық сотында брифинг ұйымдастырылып, аудандық сот төрағасы Әсел Маженова өткен жыл ішінде  сот төрелігін іске асыру жайы туралы баяндады.

IMG-20240127-WA0072

Спикердің сөзіне қарағанда, былтыр аудандық сот 248 істі қарап, оның ішінде медиация тәртібімен 57 іс, партисипативтік рәсімді қолданумен 2 іс тоқтатылды.

Аудандық сот төрағасының айтуынша, партисипативтік рәсім – бұл екі тараптардың  адвокаттарының не заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдардың көмегімен тараптар арасындағы дауды реттеудің келіссөздер процесі. Яғни ол дауды тараптарды татуластыру арқылы шешуге артықшылық береді. Онда психологиялық және эмоционалдық жүктемені алып тастайтын адами және іскерлік қатынастарды сақтауға болады. Тараптардың құқықтары мен мүдделерін сақтау тараптардың уақыты мен қаржысын айтарлықтай үнемдейді. Сондықтан сотқа жүгінер алдында медиаторлардың, адвокаттардың қатысуымен дауды шешу үшін барлық құралды пайдалану маңызы зор.

Брифинг барысында қаралған қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша статистикалық деректер де айтылды.  Мәселен, былтыр сот әкімшілік құқық бұзушылық бағытында 203 істі қараса, 71 адамға қатысты айыппұл түріндегі жаза қолданылды (жалпы сомасы 22 528 001 теңге), 10 адамға ескерту, 68 адамды әкімшілік қамауға алу, 7 адамды көлік құралын басқару құқығынан айыру, 4 адамға қатысты ҚР-ның шегінен шығару жазасы тағайындалды. 25 қылмыстық істің  12-сінде бас бостандығынан айыру, 11-не бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалса, 2 адамға қатысты салынған айыппұлдың жалпы сомасы 345 000 теңгені құрады. Жәбірленушілерге өтемақы қорына 1 159 405 теңге өндірілді.

Николай Берендяев,

Бәйтерек ауданы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале