Бірер күн бұрын 2 978 теңге қарызы бар азаматтың банкрот деп жарияланғаны туралы хабар тараған еді. Atameken Business телеарнасының эфирінде дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Айнара Рахметова аталған жайтқа түсінік берді.
«Бұл — жалған ақпарат. Біз аталған азаматты банкрот деп таныған кезде оның қарызы 1 млн 473,3 мың теңге болған. 2020 жылдың 3 наурызынан бастап азаматтарды банкрот деп тану туралы 80 953 өтініш келіп түсті, оның 79% критерийге сәйкес келмейтіні туралы хабарлама жібердік», — деп түсіндірді Айнара Рахметова эфир барысында.
Еске сала кетейік, небары 2 978 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жарияланғанын хабарлаған едік.
Айта кетейік, ақпаратты Бірінші кредит бюросы таратқан болатын.