БҚО мәслихат төрағасы М.Мұқаевтың, облыстық мәслихаттың 2024 жылғы инновациялық даму және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы отырысының №2 хаттамасына сәйкес тіркелмеген жеке такси қызметін ұсынушы тұлғаларға түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Жергілікті атқарушы органдар мен Шыңғырлау ауданының мәслихат депутаттары қоғамдық кеңес мүшелері, полиция қызметкерлері, салық органдарымен бірлесе отырып бірқатар шараны жүзеге асырды.
Осы тапсырмаға жауапты мекеме басшылары мен мамандары такси қызметін ұсынушы тұлғаларға жолықты.
Такси жүргізушілері өз қызметтерін заңдастырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.
Осы ережені түсіндіру барысында аталмыш тақырыптан бөлек мәселелер де ортаға түсті.
Жол апаттарына себепші факторлар, яғни, жолдың қыс мезгіліндегі күтімі, ірі-қара малдың иесіз жүруі, сондай-ақ жолақының көтерілуі жайында әңгіме қозғалды.
Бөлім басшылары жүргізушілерге екіжақты жұмыс жасап, туындаған мәселелерді бірлесіп жұмыс жасу керектігін айтты.
Алдағы уақытта да осы тақырып төңірегінде профилактикалық жұмыс жүргізіле бермек.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz