31.01.2024, 9:30
Оқылды: 50

Халықаралық фестивальде Гран-при жеңіп алған спектакль Астанада тұңғыш рет ұсынылады

Бүгін «Жастар театрының» сахнасында бірден үш ұлы жазушы - Шыңғыс Айтматов, Оралхан Бөкей және Роза Мұқанованың шығармалары негізінде қойылған «ЖАН ПИДА» трагедиясының премьерасы өтеді.

8a8acf95d3df7413e8392eb7a978a836_1280x720

Фото: www.gov.kz

Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қойылымда табиғат пен адам баласы арасындағы күрделі қарым қатынасты биік адамгершілік деңгейде көтеріп, оның мәңгілік ажырамас байланысына философиялық астармен қарауға үндейді.

Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрқанат Жақыпбай.

«Жарық дүниеде адамға не қиыншылық кездеспесін, ол кімнен қиянат көрмесін, бірақ, шындық мәңгі өмір сүреді. Адам туады, өледі, бірақ мәңгі-бақи өлмейтін шындық бар, ақиқат бар...», – деп атап өтті Нұрқанат Жақыпбай.

Айта кетейік, спектакль Қырғызстанда өткен заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған VI халықаралық «Айтматов және театр» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Театрдың шығармашылық ұжымы көрермендерін 31 қаңтар, сағат 19:00-де күтеді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале