31.01.2024, 10:00
Оқылды: 63

Елімізде 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап не өзгереді?

Оқушылар каникулға шығады

Еліміздің мектептерінде 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды.

горка жп (1)

Фото: zhaikpress.kz

1-сыныпта білім алушыларға 2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі.

"Елорда жастары" басталады

1 ақпаннан бастап астаналық жастар "Елорда жастары" бағдарламасына қатысуға өтініш бере алады.

Құжат тапсыру 2024 жылғы 1 ақпанда сағат 9:00-ден басталыпп 2024 жылғы 6 ақпан күнгі сағат 23.59 дейін өтеді.

Өтініштерді қабылдау birge.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.

Балаларға ақша аударылады

Елімізде 1 қаңтардан бастап "Ұлттық қор – балаларға" жобасы іске қосылады.

1 ақпаннан бастап алғашқы қаражат аударылады. Қор инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балаларға теңдей бөлінеді. Оны білім алуға немесе баспана алуға жұмсауға болады.

Кәсіби мамандар мерекесі

1 ақпан - Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік қызметі күні. Бұл күні авиация саласына үлес қосып келе жатқан қызметкерлер марапатталады.

“AQYL” депозитін ашуға болады

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап “AQYL” білім беру жинақтау депозитін ашуға болады.
“AQYL” білім беру жинақтау депозиті - бұл Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін болашақта өз атына немесе баласының атына елімізде және шетелде білім ақысын төлеу үшін пайдалануға болатын білім беру жинақтау депозиттін ашудың тиімді мүмкіндігі.

Сыйақы мөлшерлемелері:

3 жыл – жылдық 12% (ЖТСМ 12,9% дейін)
5 жыл – жылдық 9,5% (ЖТСМ 10,1% дейін)

Жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы:

7%:

- жетім балалар;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- мүгедектігі бар адамдар;
- көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
- аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін.

5%:

- халықтың қалған санаттары үшін.
Мемлекеттік сыйлықақының ең жоғары мөлшері-республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайды (2024 жылы 100 АЕК - 369 200 теңге).

baq.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале