БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері 29 жастағы қызды жыныстық қатынасқа итермелеген Орал қаласының тұрғынын анықтаған.
БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұзақ уақыт бойы қорқытып, күш көрсету арқылы 1995 жылы туған қызды жыныстық сипаттағы қызмет көрсетуге мәжбүрлеп келген тұрғынды тұтқындады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
zhaikpress.kz