31.01.2024, 11:30
Оқылды: 22

БҚО-да жалған анықтама жасағаны және қолданғаны үшін екі тұлға сотталды

Бөрлі ауданының прокуратурасы әкімшілік заңнаманың қолданылуын талдау барысында жалған анықтама пайдаланылғанын анықтаған. Бұл туралы БҚО прокуратурасының сайтында жазылды.

прокуратура

Бөрлі аудандық полиция бөлімі  Р-ға қатысты әкімшілік кодекстің 608-бабының 6-бөлігі (алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.

Қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершіліктен жалтару мақсатында Р. досынан өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама беруін сұраған. Оның өтініші бойынша орталық аудандық аурухананың Б. есімді фельдшері жалған анықтама дайындаған, аталған анықтама кейін сотқа ұсынылған.

Аталған факті бойынша Бөрлі ауданының прокуратурасы тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша жалған анықтама дайындағаны үшін фельдшерге қатысты ҚК-тің 385-бабының 1-бөлігі бойынша, ал құқық бұзушыға қатысты ҚК-тің 385-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотта жалған анықтаманы пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бөрлі аудандық сотының үкімімен Р. есімді азамат қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжатты пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, 20 АЕК мөлшерінде,  ал фельдшер жалған құжат жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, сотталды.

Бөрлі аудандық сотының қаулысымен Р-ға ӘҚБтК-тің 608-бабының 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып 20 тәулік көлемінде әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале