Жәнібек ауданының прокуратурасы ветеринария туралы заңнаманы сақтау саласындағы уәкілетті органдардың қызметінде 7-ден астам бұзушылықты анықтады.
Ветеринарияның лауазымды тұлғалары жануарларды вакцинациялау барысында 3 237 бұзушылыққа жол берді.
Барлық анықталған бұзушылық бойынша әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке 7-ден астам лауазымды тұлға тартылды. Оның ішінде бір аумақтық ветеринариялық станцияның басшысы ветеринариялық қызмет саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекет кірісіне 112 мың теңге өтеледі.
Жәнібек ауданының
прокуратурасы