31.01.2024, 17:00
Оқылды: 44

Қос жүлдеге ие болды

Былтыр 20 қарашада еліміздің ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші республикалық олимпиада басталғаны белгілі. 9-11 сыныптардың оқушылары арасында ұйымдастырылған білім сайысының мақсаты - ауыл оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.

IMG-20240129-WA0052

ҚР оқу-ағарту министрінің бастамасымен қолға алынған олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші, яғни бастапқы кезең қараша, іріктеу деп аталған екінші кезең желтоқсанда, соңғысы (республикалық) қаңтар айында өтті. Онлайн ұйымдастырылған олимпиаданың аудандық кезеңіне 35 мектептен 723 оқушы қатысып, оның 289- облыстық кезеңге іріктелді.

IMG-20240129-WA0056

 Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған олипиаданың республикалық кезеңіне Бәйтерек ауданынан 5 оқушысы жолдама алған еді. Нәтижесінде биология пәнінен Камен мектебінің 11-сынып оқушысы Дарья Стребкова мен ағылшын тілі пәнінен қатысқан Абай МГИ-дің 10-сынып оқушысы Расул Миржан ІІ орынға ие болды. Ал математикадан білімін сынап көрген Қ. Аманжолов атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Шаттық Білімжанова және ағылшын тілі пәнінен қатысқан Қадыр Мырза Әлі атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Мәдина Қазбекова алғысхатпен марапатталды.

IMG-20240129-WA0063

Нұрсұлу Тайпақ,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале