31.01.2024, 21:34
Оқылды: 79

БҚО-да қызылшаның алдын алу жұмысы күшейтіледі 

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы тұрғындар денсаулығын қорғау жөніндегі Үйлестіру кеңесі өтті. 

IMG-20240131-WA0042

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов облыс бойынша эпидемиологиялық ахуал алаңдарлық жағдайда екенін айтып, статистикалық мәліметтерге  тоқталды. Қазіргі таңда 75 адам, оның ішінде 50 бала стационарлық ем алуда.  Осы ем қабылдап жатқан 2 науқастың жағдайы ауыр дәрежеде екен.

IMG-20240131-WA0054

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Ғұбайдуллинаның хабарлауынша, облыс бойынша  қызылшаға қарсы жаппай иммундауға жататын 50500 адамның  бүгінде 36010-ы, яғни 71,3 пайызы екпе алған. Баяндамашы ақпаратында мемлекеттік балабақшаларға қарағанда жеке меншік балабақшаларда екпе алу өте баяу жүргізілуде екені айтылуына орай облыс әкімінің орынбасы қызылшамен күресуде төмен көрсеткіш көрсеткен балабақша, мекемелермен жұмысты күшейтуді тапсырды.

IMG-20240131-WA0047

«Бала денсаулығы – ұлттың денсаулығы. Әрбір баланың өмір, денсаулығы біз үшін өте маңызды – немқұрайлық танытып, теріс пікірлердің арбауына түсіп, сәби баласына қауіп төндіріп, жұқпалы аурудың таралуына жол берген азаматтардың іс-әрекеттері өкінішті. Сондықтан ата-аналармен, екпе алмай жүрген адамдармен, балабақша ұжымымен жұмыс істеулеріңізді тапсырамын», - деді облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов.

IMG-20240131-WA0045

Сонымен қатар, кеңес барысында облыстың бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев, №1 қалалық емхананың иммунолог-педиатр дәрігері Жеміс Сыдықованың қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндамалары тыңдалды.

Облыс әкімдінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале