1.02.2024, 21:37
Оқылды: 102

Орал қалалық білім беру бөлімі балабақшадағы жағдай бойынша түсінік берді

Осыған дейін Оралдағы балабақшаның бірінде балалардың үстіне шкаф құлағаны туралы хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

1634245858_53-idei-club-p-shkafchiki-dlya-detskogo-sada-interer-kras-55Фото: idei.club

- «Sabi» жеке бөбекжайында 1 ақпан күні тәрбиеленушілер ойнап жүрген кезде бөлмедегі шкаф құлап, балалар және балалардың жанында болған тәрбиеші зақым алды. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметі шақыртылды. Медициналық мамандар тарапынан балалардың денсаулық жағдайы тексеріліп, үйлеріне жіберілді.

Жағдайға байланысты зерделеу жүргізіліп, топ тәрбиешісіне функционалдық міндетін тиісті деңгейде атқармай, балалардың өмірі мен денсаулығына зақым келуіне жол бергені үшін «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жаза берілді» - деп хабарлады Орал қалалық білім беру бөлімі.

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале