1.02.2024, 23:13
Оқылды: 56

Бәйтеректе сайлауға қатысты жиын өтті

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Бәйтерек ауданына қарасты Переметный ауылында ашық есік күні ұйымдастырылды. 

IMG-20240201-WA0041

Іс-шараға ауданық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері мен сала ардагерлері, ауданық бөлімдер, қоғамдық ұйымдар басшылары, жергілікті сайлау учаскелерінің төрағалары қатысты.

Басқосуда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов атаулы күннің маңыздылығына, азаматтардың демократиялық таңдауын жүзеге асыратын сайлау үдерісінің заңдылықтарына тоқталды. Одан әрі сөз алғандар сайлау туралы заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың маңызын айтып, Жаңа Қазақстанның демократиялық қадамдарын талқылады. Басқосуда спикерлер әлем елдеріндегі сайлау өткізудегі озық тәжірибелер жайын да сөз етті.

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале