2.02.2024, 17:15
Оқылды: 63

Бекаманның еміне 6 миллион керек

Жарық дүниеге келгеніне небәрі үш ай болған бөкейордалық Бекаман Сағындықтан туабітті асқазан-ішек ақауы анықталып, бүгінгі таңда бір емес, үш мәрте ота жасалды.

9358de3f-3497-4ed7-a45e-618d98845dc2

Өмірге келмей жатып ауыр оталарды бастан кешірген Бекаманның қазіргі жағдайына ата-анасы мен бауырлары алаңдап отыр. Сәбиді жасанды түтік арқылы тамақтандыру күннен күнге қиындай түсуде екен.

– Астаналық  дәрігерлер бір жасқа толғанда ғана кезекті отаны жасаймыз дейді. Алайда оған дейін ұлымыздың жағдайы қалай болмақ? Ұзақ мерзімге шыдай аламыз ба? Тіпті ақылы ота жасауға да келіспей тұр. Күнделікті берген тамағымыз өкпесіне кетіп қала береді. Өзге мемлекеттердің клиникаларына өтініш тастадық. Жуырда Мәскеу қаласындағы Н.Ф.Филатов атындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасынан жауап келді. Олар жасайтын отаның  бағасы 6 000 000 миллион теңге болады екен, – дейді анасы Гүлнұр.

Бекаманның еміне қажетті  қаражат  көптің көмегімен жиналса періштенің жазылып, сауығып кетуіне жәрдеміміз тиіп қалар. Қолұшын созамын десеңіздер  төмендегі реквизиттер бойынша ақша аударсаңыз болады:

KASPI GOLD: 87772973856 Гүлнұр Қ

Ұлттық банк: 5522043345390023

Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале