3.02.2024, 16:30
Оқылды: 79

Ішімдікке тойып алған ана баласын балабақшада ұмытып кеткен

Қостанай облысының тұрғыны сәбиін балабақшада ұмытып кеткені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "НГ" басылымына сілтеме жасап.

52_main-v1692886606Фото: vgorode.ua.

Әйел ішіп алып, сәбиін балабақшадан алуды ұмытып кеткен. Әріптесімен дастархан жайған соң әйел ұйықтап қалған.

Әйелдің ісі Бейімбета Майлина аудандық сотында қаралды. Сот әйелді кінәлі деп тауып, 29 536 теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, оған алкоголь ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынды және алты ай бойы профилактикалық әңгімелесу үшін полиция бөліміне келуге міндетті болды.

"К., баланы тәрбиелеу және күту жөніндегі ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін (ӘҚБтК-нің 127-бабы, 1-бөлігі) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. К. алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланады, мектеп әкімшілігі оған бірнеше рет шағым түсірген", деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале