5.02.2024, 9:17
Оқылды: 57

Қазақстанда 2024 жылы 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ

«2024 жылы ШОБ-тың банктік несиелері 900 млрд теңгеден астам сомаға субсидиялаумен және кепілдендірумен қамтылатын болады», - деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі.

65c05ed153e71741755306

Фото: ortcom.kz/kk

Қазақстан Үкіметі инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту бойынша кешенді жұмысты жалғастыруда.

Биыл 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз етудің жаңа тетігі индустрияландыруды жеделдетуге ықпал ететін болады.

Машина жасау саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын орындау арқасында осы саланың жалпы қосылған құны 4,5 есе өседі деп күтілуде.

Жалпы бүгінде Қазақстанда 32 трлн теңгеге 1 мыңға жуық инвестициялық жобаның жалпыұлттық пулын іске асыру жалғасуда. Бұл экономиканың барлық салаларына қатысты. 2023 жылы 1,8 трлн теңгеге 298 жоба іске қосылды. 2024 жылы жалпы сомасы 3,8 трлн теңгеге 326 жоба іске асырылмақ.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестициялық штабтың жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ірі инвестициялық жобалар бөлек қаралады, туындайтын барлық мәселелер жеке қаралып, шешілетін болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале