5.02.2024, 11:14
Оқылды: 11

Оралда президенттік көпсайыстан облыстық жарыс өтті

Биыл 1-4 ақпан аралығында Орал қаласында қысқы президенттік көпсайыс спортынан ерлер мен әйелдер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған сайысқа барлығы жас ерекшелігі бойынша 10 команда 200-ге жуық спортшы қатысты. Атап айтар болсақ, жарысқа қатысушылар шаңғы тебу, мылтықтан ату, турникке тартылу сайыстары бойынша өзара бақ сынасты.

WhatsApp Image 2024-02-05 at 11.18.49

Сондай-ақ, бұл сайыста Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің офицері аға лейтенант Жусупов Нұрсұлтан өз бағын сынаған еді. Ерлер арасындағы 24-34 жас ерекшелігі арасында күш сынасқан ұландық үш кезеңнен де сүрінбей өтіп 226 ұпай жинап, сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынға табан тіреді. Жарыс соныңда жүлделі орын алғандарға медальдар мен мақтау қағаздары табысталды. Еске салар жайт, аталмыш сайыс жеңімпаздары алдағы уақытта Қостанай қаласында өтетін ел біріншілігіне қатысады.

ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале